«Қазақстан композиторларының  фортепианоға арналған шығармалары» балалар музыка және нер мектептерінің білім алушы 

жас музыканттарының арасында V ашық  

«Жас жұлдыз»  пианистер байқауы

  ЕРЕЖЕ

Ұйымдастырушы:  

Астана қаласы  Білім басқармасы  «№ 1балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК.

Өткізілу мерзімі: 19-20 наурыз  2025 жыл                

Өткізілетін орны: Астана қаласы, «№1балалар музыка мектебі»

Тіркеу:19 наурыз сағ 09.00-17.00 онлайн тіркелу

Өтетін күні: 20 наурыз

Басталуы: 9.30.  Қатысушылар сахнаға  алфавиттік ретпен шығады.

Байқаудың мақсаты:

*Отаншылдық сезімге тәрбиелеу;  оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру; 

*Фортепиано мәдениеті мен өнеріне баулу, жас музыканттарының фортепианоға деген қызығушылығын ынталандыру.

*Қазақстан композиторларының шығармаларын кеңінен  насихаттау;

* Талантты, қабілетті оқушыларды  анықтау, қолдау көрсету.

Байқау талаптары:

Байқау офлайн және онлайн (бейнежазба) түрінде өткізіледі.

  1. Байқауға Қазақстан Республикасы облыстарының музыка мектептері және өнер мектептерінің өнерпаздары қатысады.

- Мектептен іріктеліп алынған әр педагогтан  тек 2 өнерпаз қатыса алады.

  1. 2. Жас ерекшеліктері:

 7-8жас,

 9-10 жас,

 11-13жас, 14-16 жас қоса  алғанда; 

3.Онлайн түрде өтетін қатысушылар талаптары:

 - Бейнежазбаның сапалы  жазылуы;

- Шығармалар   басталғаннан аяғына дейін тоқтамай бір бейнежазбада  үзіліссіз жазылуы, шығармалар арасында  үзіліске жол беріледі;

- Бағдарламаны орындау барысында   қолдары, аяғы, аспап және орындаушының бейнесі  айқын көрінуі.

 Егер бейнежазба байқау талаптарына сәйкес келмесе, өтініш қарастырылмайды.

 

  1. Байқаудың шарттары, бағдарламалық талаптар:

 Қазақстан композиторларының  2 әртүрлі мінез-құлықтағы   шығарма

  1. Өтінімде берілген бағдарлама өзгертілмейді, шығармалар жатқа орындалу шарт.
  2. Қатысушылар өтініштерін, туу туралы куәліктің көшірмесін, төлем түбіртегінің көшірмесін 2025 жылдың наурыз айының 4  не дейін (4 наурыз қоса алғанда) ұйымдастыру комитетінің    Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.  электронды мекен-жайға   тапсыруға тиіс. (төменде өтінім үлгісі беріледі)  4 наурыздан кейін келген және талаптарға сай келмейтін өтінімдер қабылданбайды.

Бағалау критерилері: орындаушылық шеберлігі, стильді келтіруі, сахналық мәдениеті, техникалық шеберлігі.

- Байқаудың қазылар алқасы құрамына өнер қайраткерлері,   белгілі ұстаздар шақырылады.

- Қазылар алқасы шешімі  түпкілікті, қайта қарауға жатпайды.

Байқаудың марапаттауы:   Марапаттау әр жас ерекшелігіне қарай бөлінеді.

*Бас жүлде, І орын, ІІ орын, ІІІ орын

Арнайы дипломдар:  «Үздік  орындаушы»,  «Жас пианист»

- Байқауға қатысқан жеңімпаздар дипломдармен және қатысқан  өнерпаздар    мақтау қағаздарымен  марапатталады.

- Онлайн түрде қатысқан марапаттары электронды түрде жіберіледі.

Ұйымдастыру жарнасы:

Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 107-2630 қаулысына сәйкес байқаудың қатысу жарнасы - 5 000 теңге.

Әр-түрлі жағдайлармен байқауға қатыспаған оқушылардың төлем ақылары қайтарылмайды.

Қатысушылардың  барлық шығынын жіберуші жақ төлейді (қатысу жарнасы, жолы, тамағы, жатын орны). Қатысушылар  денсаулығы мен қауіпсіздігіне   жетекшілері және ата-аналар жауапты.

 Оралбаева Жанар Шерханқызы, тел: 87774213186, Кожахметова Майя Еркиновна. , тел,: 87014234996.

 

Төлем төмендегі   төмендегі реквизиттермен жүргізіледі:

Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар музыка мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Желтоқсан көшесі, 36 үй

ЖСН 990540001802

БСК HSBKKZKX

ЖСК KZ816010111000218679 – Ақылы қызметтер шоты.

АҚ «Қазақстан халық банкі»

Бк 16

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз» - Қ.К.Тоқаев

Астана қаласы, Желтоқсан көшесі 36 орналасқан, телефон 314386, электрондық почта мекенжайы Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript., Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды:

«№1 балалар музыка мектебі» МКҚК Оқушы балалар мен адам көп шоғырланатын орын болғандықтан өрт оқиғаларын және адам шығынын болдырмау.

2024 жылдың 10 мауысым күні (2024 жылғы 29 қаңтар күні Астана қаласы, Алматы ауданы, Күйші Дина, №44/3, мекенжайында орналасқан «Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп гимназиясында» орын алған өрт оқиғасы бойынша оқушы балалар мен адам көп шоғырланатын орын болғандықтан өрт оқиғаларын және адам шығының болдырмау мақсатында ) мектепте өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл туралы қосымша жиналыс өткізілді. «Қауіпсіздік ережелері және төтенше жағдайлар тәртібі» тақырыбында “Сарыарқа” Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Дастан Тоқтағанұлы Нұрғалиев «Өрт кезіндегі шаралар» жаднамалар таратты.

Бұйрык - Тестiлеу жургiзудi кейбiр маселелерi туралы

Приказ - О некоторых вопросах проведения тестирования

Бiлiм саласындағы коммуналдык қазыналык кәсіпорындар іске асыратын қызметтердiн бағаларын белгiлеу туралы

Об установлении цен на услуги, реализуемые коммунальными казенными предприятиями в сфере образования

Айсайынғы төленетін оқуақысының өзгеруі туралы

https://astana-akshamy.kz/shygharmashylyq-shwaghy/ 

«Ветт-2024» Халықаралық білім беру технологияларының көрмесі.

1. 600-ден астам компания өкілдері, 35000-нан астам оқытушылар мен мамандар қатысты.
2. Жаңа инновациялық ірі технологиялар арқылы білім сапасын арттыруға мол мүмкіндіктер кеңістігі.
3. Әлемдегі білім беру саласындағы жасанды интеллекттің орны.
4. Цифрлік білімді дамытуға бағытталған көрме.
5. Практикалық ойындар индустриясының рөлі, интуицияның дамуына әсері көрсетілді.
6. Ағылшын тілін оқыту платформасы (деңгеймен, тапсырмамен кітап оқу).
7. Онлайн сабақ өткізу платформасы (планшеттер, тақталар, бағдарламалық сервистер)


Тәжірибе алмасу «Grammar school» мектебі


1. Әр баланың сапалы білім алуына жеке көзқарас қалыптасқан.
2. Оқу сауаттылығы, кітап оқуды басты назарда ұстайды.
3. Оқу бағдарламасынан тыс кітап оқуда деңгейлік жас ерекшелігінің ескеріледі
4. Музыка, көргем еңбек пәндерінде оқушылар іспен, қол өнермен шұғылданады.
5. Сурет салу арқылы баланың эмоциялық ішкі сезімін ашу мақсатында сыныпта жеке сурет салатын альбомдар қамтылған.
6. Үй тапсырмасын орындамаған жағдайда сыныпта минуспен балл қою парағы қабырғаға ілінген.
7. Үй тапсырмасын арнайы платформада оқушы орындайды және тапсырма тексеріліп мұғалім баланың қанша уақытта тапсырманы орындағанын бақылап отырады.
8. Тәрбие жұмысына аса көп мән беріледі.
9. Оқу кабинеттері оқушылардың күнделікті сабақта орындаған оқу материалдарымен безендірілген.
10. Жыл сайын түрлі бағытта халықаралық олимпиадалар ұйымдастырады.

"Астана көктем - 2023" шығармашылық концертінің фотосуреттерін жүктеу 1 - бөлім

"Астана көктем - 2023" шығармашылық концертінің фотосуреттерін жүктеу 2 - бөлім

 

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 75 гостей и нет пользователей