Жоба
«БЕКІТЕМІН»
«№1Балалар музыка мектебі»
МКҚК директорының м.а.
__________У.Ж. Мырзакулова
«_____» ___________2024ж
Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық фестиваль байқауының қалалық кезеңі
ЕРЕЖЕ
Байқаудың өткізілу мерзімі: 2025 жылдың 15-16 ақпан өткізіледі.
Байқаудың мақсаты: оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, заманауи қоғамда музыкалық өнерді насихаттау,балалар музыка мектептері мен өнер мектептерін дамыту, білім алушылардың тұлғасын тәрбиелеудегі, оқытудағы және шығармашылық дамуындағы олардың рөлін арттыру.
Байқаудың міндеті:
- музыкалық өнердің жоғары көркемдік үлгілері негізінде жас музыканттарды тәрбиелеу және рухани-адамгершілігін дамыту, білім алушыларда танымдық қызығушылықты және эмоциялық қабылдауды қалыптастыру;
- жас музыкант-орындаушылардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруы және олардың мәдениет саласындағы әлеуметтік бейімделуі үшін жағдай жасау;
- қалалық қосымша білім беру ұйымдары арасында тығыз шығармашылық байланыс орнату, орындаушылық және педагогикалық тәжірибе алмасу;
- жас музыканттардың орындаушылық шығармашылыққа қызығушылығын жандандыру, әрі қарай қолдау және олардың шығармашылық белсенділігі мен кәсіби бағдарын ынталандыру, республикалық байқауға іріктеу;
Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
- Фестиваль-байқауға қатысу үшін мектеп басшыларының қолы қойылған өтініштер электронды түрде Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды поштасына 2025 жылғы 8 ақпанға дейін қабылданады.(яғни 8 ақпан күні өтінім қабылданбайды)
Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
- байқау мектепішілік кезеңінен өткен жеңімпаздарының қатысуы туралы өтінім (қатысушының Т. А., туған жылы, білім беру ұйымы, сынып, үй мекенжайы, телефоны);
- қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
- Фестиваль-байқаудың қорытындысы, жеңімпаздарға дипломдар, қатысушылардың байқау өткен күні 2025 жылғы 15 ақпан марапатталады.
Фестиваль-байқауға қатысушылар
- Фестиваль-байқауға музыкалық мектептер мен өнер мектептерінің қазақ халық аспапатары (домбыра,қобыз, қыл қобыз, жетіген, шертер) солистер және ансамбльдер қатысады.
- Қатысушылардың жалпы саны- бір мектептен ансамбльдер 14 оқушыдан, солистер 8 оқушыдан аспау шарт (жалпы 22 білім алушы).
Фестиваль-байкаудың шарттары мен тәртібі
Фестиваль-байқаудың іріктеу кезеңдері:
- Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік:
- Қалалық кезең: музыка және өнер мекетпетері білім алушылары.
- Үшінші кезең (қорытынды) – республикалық Фестиваль - байқау.
Фестиваль-байқаудың бірінші мектепішілік (іріктеу) кезеңді өткізу мерзімі мектеп басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
- Байқау екі бағытта өткізіледі: жеке орындаушылар және ұжымдар.
Жеке орындаушылар келесі жас ерекшеліктер бойынша:
- кіші топ: 7 жастан -10 жас
- орта топ: 11жастан – 13 жас
- ересектер тобы: 14 жастан - 17 жас.
Қатысушылардың жасы ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша анықталады.
Кіші топтың қатысушыларына қойылатын байқау бағдарламасы музыка мектептерінің 3 сынып оқушыларына арналған бағдарламалық талаптарына, орта топ 4 сыныптан, ал ересек топ 5 сыныптан төмен болмауы тиіс.
Музыкалық ұжымдардың өнер көрсетуі. Байқаудың музыкалық ұжымының құрамына жоғары сынып оқушылары қатысады. Бұл ретте ұжымға қатысатын тұлғаларға, жоғары жас тобы солисті ретінде қатысуға рұқсат етіледі. Және 1 жетекші - дирижер немесе орындаушы (концертмейстер) ретінде қатыса алады
- қатысу жөніндегі сұранымдар 2025 жылдың ақпан айының 5–не дейін төмендегі берілген мектеп электронды мекенжайға жіберіледі;
-сұранымда көрсетілген бағдарлама өзгертілмейді.
-сұранымда қатысушы және жетекшінің аты-жөні дұрыс жазылуы шарт.
- Фестиваль-байқауды бағалауға танымал өнер иелері шақырылады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті, қайта қаралмайды, хаттамамен бекітіледі.
- Қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын анықтайды. Жеңімпаздар Бас жүлде, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, барлық қатысушылар қатысқаны үшін грамотамен марапатталады.
Бағдарлама талаптары:
Домбыра сыныбы
Кіші топ:
2 күй (1төкпе, 1 шертпе) 1 қазақстандық немесе шетелдік композитордың шығармасы сүйемелдеуімен.
Орта топ:
2 күй (1төкпе, 1 шертпе) 1 қазақстандық немесе шетелдік композитордың шығармасы сүйемелдеуімен.
Ересек топ:
І кезең:
1)фортепиано сүйемелдеуімен виртуозды шығарма.
2)1 шертпе.
3)1 төкпе.
ІІ кезең:
1) Қазақстандық немесе шетелдік композитордың шығармасы
2) 1 күй (орындаушының қалауымен).
Қобыз сыныбы
Кіші және орта топ:
Түрлі сипаттағы 3 шығарма сүйемелдеумен – олардың бірі қазақстандық немесе шетелдік композитордың шығармасы.
Ересек топ:
І кезең:
1) Міңдетті түрде халықтық стиліндегі пьеса (күй).
2) Аспапқа сәйкес өңделген халықтық әуен.
3) Шетел композиторының шығармасы.
ІІ кезең:
1) Кең көлемде шығарма (концерт).
2) 1 шығарма (орындаушының таңдауы бойынша)
Қыл-қобыз сыныбы
Кіші және орта топ:
2 күй, 1 қазақстандық немесе шетелдік композитордың шығармасы сүйемелдеумен.
Ересек топ:
І кезең:
1) Екі түрлі сипатты күй (кварта, квинта құрылымымен).
3)Шетелдік композитордың шығармасы. (сүйемелдеумен)
ІІ кезең:
1) Кең көлемді шығарма (концерт).
2) Орындаушының таңдауы бойынша (халық күйі)
Шертер сыныбы
Кіші топ:
1) Аспапқа сәйкес өңделген қазақ халық күйлері, қазақ композиторының әндері немесе шығармасы.
2) Шетел композиторының пьесасы.
3) Аспапқа сәйкес өңделген халық әуені.
Орта топ:
1) Аспапқа сәйкес өңделген қазақ халық күйлері, қазақ композиторының әндері немесе шығармасы.
2) Шетел композиторының пьесасы.
3) Халық әуенін немесе халық күйін өңдеу.
4) Виртуозды шығарма немесе концерт (I бөлім немесе II-III бөлім).
Жоғары топ:
I кезең:
1) Аспапқа сәйкес өңделген қазақ халық күйлері, қазақ композиторының әндері немесе шығармасы.
2) Аспапқа сәйкес өңделген халық әуені немесе күйі.
3) Виртуозды шығарма.
II кезең: 1. Концерт (I бөлім немесе II-III бөлім).
- Орындаушының таңдауы бойынша шығарма немесе күй.
Жетіген сыныбы
Кіші топ, Орта топ
1) 3 түрлі сипаттағы туындылар, олардың бірі қазақстандық немесе шетелдік композитордың шығармасы (1 шығарма – сүйемелдеумен)
Ересек топ
І тур: 1. Екі түрлі сипатты күй (кварта, квинта құрылымымен).
- Шетелдік композитордың шығармасы (сүйемелдеумен).
II тур: 1. Кең көлемді шығарма (концерт).
- Орындаушының таңдауы бойынша шығарма (халық күйі).
Ансамбльдер
Байқауға қазақ халық аспаптар ансамблі қатысады. Байқауда ұжымның өнер көрсету бағдарламасына әртүрлі сипаттағы туындылар, олардың бірі - Қазақстан композиторының шығармасы немесе өнделген қазақ халық әуені еңгізілуі тиіс. Байқауда кемінде төрт шығарма орындалады. Әр ұжымның өнер көрсету уақыты 15- минуттан аспайды. Ансамбль құрамының саны 14 қатысушыдан аспауы шарт. Ансамбль құрамында дирижер немесе орындаушы ретінде бір педагог қатысуға құқығы бар. (шығармалар уақыты міндетті түрде жазылу шарт!!!)
Құжаттар тапсыру:
- байқауға қатысу үшін 2025 жылдың ақпан айының 5 не дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. мектеп электронды мекен-жайына келесі құжаттарды жіберу:
-Үлгі бойынша өтінім, жеке орындаушылардың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары –жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауы қалалық кезеңіне
Өтінім
ЖЕКЕ ОРЫНДАУШЫ
Білім алушының аты-жөні(толық жазу)
|
Оралова Орал
|
Туған жылы, айы, күнін (сандармен жазу) Жас ерекшелігі , тобы
|
15.02.2015ж, 10 жас
Кіші топ
|
Аспаптың атауы
|
домбыра
|
Білім беру ұйымының атауын (толық жазу)
|
«№1балалар музыка мектебі»МКҚК
|
Педагогтің фамилиясы,
аты-жөні (толық жазу) байланыс нөмірі
|
Оралова Орал Ораловна 8.......
|
Сүйемелдеушінің , аты-жөні (толық жазу) байланыс нөмірі
|
Иванов Иван Иванович
|
Шығарма авторы, атауы
(Жоғары топ І,ІІ тур.)
|
1.
2.
|
Өнер көрсету уақыты (хронометраж)
|
10мин
|
ӨТІНІМ, ҰЖЫМ
Ұжым атауы, ұжымға қатысушының аты-жөні, туған күні (тізім)
|
«Балдаурен» домбырашылар ансамблі 1. 2.
|
Ұжымның сандық құрамы
|
12 қатысушы
|
Білім беру ұйымының аталуы (толық)
|
«№1балалар музыка мектебі»МКҚК
|
Ұжым, жетек-нің аты-жөні, байланыс нөм
|
Оралова Орал Ораловна 8.......
|
Шығарма авторы, атауы
|
1. 2. 3. 4.
|
4 шығармаға хронометраж
|
10мин
|
Ескертпе: өтінімде көрсетілген қатысушылардың бағдарламасы өзгертуге жатпайды.
Мекен-жайымыз: Астана қ, Желтоқсан 36.
тел/факс: 8 (7172) 31-43-86.
Жауаптылар: Оралбаева Ж.Ш. ,Шерьязданова Т.Қ.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған
IV қалалық «Шуақ» вокалды -аспаптық фестиваль- байқау
Ереже
Байқауды ұйымдастырушылар – Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы
«№1балалар музыка мектебі» МКҚК.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың вокалды -аспаптық орындаушылыққа қызығушылығын дамыту;
2.Шығармашылық әлеуетін ашу;
3.Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы шығармашылық және мәдени байланысты нығайту және кеңейту;
4.Ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында вокалдық және аспаптық өнерді танымал ету және насихаттау;
5.Балалардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.
Байқаудың өткізу тәртібі
• Өткізілетін күні: 2025 жылдың 2 ақпан
• Вокалдық-аспаптық орындау номинациясында (үрлемелі аспаптар, фортепиано, домбыра т.б аспаптар, вокал, эстрадалық вокал, дәстүрлі ән)
• Қатысуға өтінім, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі , диагноз туралы анықтама көшірмесін, 2025 жылдың 27 қаңтарға дейін N 1 Балалар музыка мектебінің ұйымдастыру комитетіне Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды мекен-жайға тапсырылады.
Өтініште көрсетілген қатысушылардың өнер көрсету бағдарламасы мен реті өзгертілмейді.
Байқау шарты
Байқау төрт жас санатында өтеді:
* 7-9 жас
* 10-11 жас
* 12-13 жас
* 14-15 жас
Орындау бағдарламасы:
Қалауы бойынша бір шығарма орындалады.
Бағалау критерийлері:
* Интонация тазалығы, ырғақ сезіну, орындаудың мәнерлілігі.
* Сахна мәдениеті
Қазылар алқасы, марапаттау:
*Байқаудың қазылар алқасының құрамында өнер саласындағы белгілі ұстаздар мен орындаушылар.
1. Әр жас тобы бойынша фестиваль –байқауы жеңімпаздары білім басқармасының I, II, III дәрежелі «Дипломмен» және қатысқаны үшін грамоталармен марапатталады.
2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
• Өтінім келесі нысанда толтырылады:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған
«Шуақ» IV қалалық вокалды –аспаптық фестиваль-байқау
Өтінім
Мектеп №
Қатысушы аты-жөні
Туған күні,айы, жылы, толық жасы
Тобы
Орындайтын бағдарлама авторы, атауы
Хронометраж
Жетекшінің аты-жөні, телефоны, электронды мекен-жайы
Берілген нысанмен толтырылмаған өтінім қабылдайнбайды !