Бүгін 10 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «№1 Балалар музыка мектебі» МКҚК ұйымдастыруымен ерекше білім беру қажеттілігі бар жас музыканттар арасында ІІ қалалық «Шуақ» аспапты-вокалдық фестиваль-байқауы өткізілді. Аталған іс-шара балаларды өнерге оның ішінде вокалды және аспаптық орындаушылыққа қызығушылығын дамыту,шығармашылық әлеуетін ашу, балалардың өзін-өзі жүзеге асыруына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды. Байқау домбыра, фортепиано, флейта, ұрмалы аспап, эстрадалық вокал номинацияларында өткізілді. Қазылар алқасы ретінде «Балалық шақ» төсбелгісі иегері, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы иегері фортепиано сыныбының педагогі Абдрахманова Алма Есмухановна, Астана қаласы әкімдігінің «№2 арнайы мектеп» музыкалық жетекшісі, халықаралық, республикалық байқаулар лауреаты Жумекенова Жансая Ерболатовна, кәсіподақ төрайымы, эстрада-вокал бөлімінің меңгерушісі Жапарова Жанара Жумагалиевна шақырылды.
Бүгінгі сайыскерлер тек білім саласында ғана емес өнерде де көп дайындықтың арқасында үлкен жетістіктерге жетуде, барлық қатысушы жоғары деңгейде өнер көрсетіп Білім басқармасы басшысының дипломдарымен және байқауға лауреат дайындаған педагогтар Алғыс хатпен марапатталды. Жеңіске жеткен өнерпаздар: Алтынғазы Айару - №1 өнер мектебі, №2БММ – Мустафин Аблай, Мукажанова Анель, Куанышева Бинур , №3БММ – Хижняк Елизавета, №10мг -Жантөре Мөлдір, №1БММ – Мереке Айша, Ерболат Ерсұлтан, Бижан Әмин, Закария Ербол, Изтелеуов Инсар, Турмаханбетов Ернур, Дәулекткелдіұлы Дінмұхамед.