2025 жылдың 30 мамыр күні  Білім басқармасы, №1 балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен мектептің 35 жылдығы аясындағы «Ғасырлар пернесі» іс -шаралар желісі бойынша   Жақсылық Айтемірұлы Мұқанов атындағы  І аймақтық өнер байқауы өткізілді.

       Байқау жергілікті композитор, күйші, ұстаз Мұқанов Жақсылық ағамыздың шығармаларын насихаттау,  музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Байқау жанры: ансамбльдер, аспаптық  және дәстүрлі ән айту бойынша өтті.

      Аталған іс-шараға қазылар алқасы құрамына өнер қайраткерлері,  дәстүрлі әншілер белгілі ұстаздар шақырылды, атап айтсақ: К.Байсейтова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті домбыра кафедрасының мектеп-колледж бойынша оқытушысы Сарина Гульвира Айхановна, Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі  Жахин Тоғжан Серікұлы, К.Байсейтова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті "Дәстүрлі ән"  ПЦК төрағасы, Мәдениет саласының үздігі Хамзин Мақсат Амантаевич шақырылды.

   Сонымен қатар байқауға Білім басқармасынан, республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталғынан, Ж.Мұқановтың әріптестері, шәкірттері, туған-туысқандары шақырылды.

Байқауға аймақ бойынша 90 жуық өнерпаз қатысты, жеңімпаздар №1балалар музыка мектебі, ағайымыздың туысқандары және шәкірттері дайындаған арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 21 гость и нет пользователей