2024 жылдың 27 сәуір күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық құрылтайда аталған құндылықтардың «Адал адам - Адал еңбек-Адал табыс» аясында «Мектеп мейірім мекені» атты шығармашылық концерт өткізілді.
Ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсінген дана халқымыз ежелден «Бала-өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, өнерін дамытып, бүкіл әлемге Қазақстанды паш ететін бүгінгі өнерлі жас ұрпақ.
«Өнер-таусылмас азық, жұтамас байлық» деп бекер айтпаған аталған концертімізде өнерлі өрендеріміз қалалық, республикалық, халықаралық додаларда бәйгелі болып, қол жеткізіп жатқан жетістіктері бір талай.
Концерт қонақтары: Астана қаласының «Елорда Билер кеңесі бірлестігінің» билері, Білім басқармасы қосымша білім беру және кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру бөлімінің басшысы Сарамбетова Гүлфара Бекболатовна, Қосымша білім беру ұйымдарының директорлары шақырылды.
Концертте Қазақстан және шетел композиторларының шығармалары, күйлері, патриоттық әндері шырқалды. Концертте: Ұлт аспаптар оркестрі жетекшісі Абдрахман Гүлсім, «Балауса» фольклорлық ансамблі жетекшісі Сагатова Айгуль, «Тұмарым» қобызшылар ансамблі жетекшісі Секимова Самал, «Ақ сұңқар» дәстүрлі әншілер ансамблі жетекшісі Ахмедияр Нұрдәулет, «Кербез қыздар» жетігеншілер ансамблі, жетекшісі Османова Мадина, «Ару» би ансамблі жетекшісі Секербек Багдина, Нурбекова Гульбара, Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мусин Ринат, С.С. Гумарова, «Алау» хор ұжымдары жетекшілері А.М.Имухамбетова, Л.К.Тихонина, «Dolce» скрипкашылар ансамблі жетекшісі Сеитова Зауре, саксофоншылар квинтеті жетекшісі Р.Р.Давлетбаева, эстрада вокал бөлімінің вокалдық тобы жетекшісі А.Т.Сүгір, «Дарын» тобы жетекшісі Таженова сынды оқушылар өнерлерімен тамсандырды. Фортепианода Ожмухамедова Инкар, жетекшісі Абдрахманова Алма Есмухановна, Болатбай Әділ, Болатбай Әлия жетекшісі Маулетова Айман Ахметжановна және флейтада, скрипка, фортепиано аспаптарында ансамбль құрып кішкентай өнерпаздар өнерлерін көрсетіп ата-аналар қошеметіне иеленді. Концерт әсерлі және қызықты өткізілді.