2024 жылдың 23 қазан күні мектебімізде  өз Отанына деген мақтаныш сезімін, қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын одан әрі байыту, патриоттық сезімін ояту, шығармашылықтарын арттыру мақсатында «Жаса ,жайна елім менің» атты  концерт өткізілді. Іс-шара мемлекеттік гимн орындауымен басталды. Концертте "Серпер" домбырашылар ансамблі жетекшісі М.А.Сулейменова, «Көркемай» қобызшылар ансамблі жетекшісі С.Б.Секимова,  "Ару" би ансамблі жетекшісі Г.К.Нурбекова, «Қарлығаш» балалар  хор ұжымы жетекшісі А.М.Имухамбетова, «Дольче» скрипкашылар ансамблі жетекшісі З.Д.Сеитова, Ким Софи жетекшісі А.А.Маулетова, Марат Айзере, Трио жетекшісі Г.Н.Таженова, жеке орындауда Жани Алинұр, Бекболат Мүслім, Нишанбай Сабира сынды оқушылар қатысты. Концерт жақсы өтті, қатысушылар  көрермендер қошеметіне бөленді. Жүргізуші мектебіміздің педагогі, дәстүрлі әнші  Сәрсенбек Жалғас Қыдырбекұлы.Іс-шара барысында мектеп педагогтері Ж.К.Кыдырменова, А.Ж.Касымова, Ә.Нұрлан, Ш.С.Джаханов Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 280 гостей и нет пользователей