2025 жылдың 29 сәуір күні Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, эстрада вокал бөлімі ерекше ретро-әндер концертін ұйымдастырды. Бұл шара еліміздің мәдени мұрасын, дәстүрлерін және халықтар достығын атап өту мақсатында өткізілді. Концерт барысында тыңдармандарға өткен ғасырдың танымал әндері ұсынылып, жас өнерпаздарымыздың орындауында жаңаша өңдеуде орындалды. Концерт бағдарламасы әртүрлі жанрдағы ретро-әндерден құралған, соның ішінде: Қазақстан халық әндері, кеңес дәуірінің классикалық әндері, шетелдік ретро хиттер орын алды.
Концерт өте жақсы өтті, ата-аналар, қонақтар ризашылығын көрсетіп , жас өнерпаздарды ықыластарына бөледі.