«БЕКІТЕМІН»
«№1балалар музыка мектебі»
ШЖҚ МКК директоры
________Ж. Калиева
«_____» __________2025ж
Күйші, композитор, дирижер, ұлағатты ұстаз
Мұқанов Жақсылық Айтемірұлы
атындағы І аймақтық өнер байқауы
Ұйымдастырушы : Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы,
«№ 1балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК
Байқаудың өткізілу мерзімі: 30 мамыр 2025 ж.
Байқаудың өтетін орны: Астана қаласы, Желтоқсан көш.,36 «№ 1 балалар музыка мектебі»
Байқаудың мақсаты: Жергілікті композитор, күйші, ұстаз Мұқанов Жақсылық Айтемірұлы шығармаларын насихаттау, музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.
Байқаудың міндеті: жас музыканттарды шығармашылыққа тәрбиелеу, отандық композиторлардың шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, ұжымдық саздандыруын дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыруы, сахналық мәдениетін қалыптастыру.
Байқауға қатысушылар: Астана қаласының және Ақмола облысының жалпы білім мектеп, балалар музыка мектеп, өнер мектептерінің оқушылары қатыса алады.
Байқаудың құрылымы: Байқау екі бағытта өткізіледі: жеке орындаушылар байқауы (домбыра, дәстүрлі ән); ұжымдар байқауы(фольклорлық ансамбльдер, бір тектес домбырашылар, қобызшылар).
Жеке орындаушылар байқауы кіші, орта және жоғарғы топтары бойынша жүргізіледі.
Кіші топ : 10-11 жас
Орта топ: 12-13 жас
Жоғарғы топ: 14 -16 жас.
Бағдарлама талаптары:
Домбыра
Ж.Мұқановтың бір күйі
Дәстүрлі ән
Ж.Мұқановтың бір әні
Ансамбльдер
Ж.Мұқановтың бір күйі немесе әні, немесе әннің тақырыбына өңдеуі(обработка)
Байқауға аспаптар ансамблі, фольклорлық ансамбльдері қатысады. Ансамбльге қатысушылар саны 8 адамнан кем болмауы керек. Ансамбль құрамында 1 оқытушы ғана орындаушы ретінде қатысуға құқылы. Ұжым құрамы жас ерекшелік топқа бөлінбейді. Әр ұжымның өнер көрсету уақыты 4-минуттан аспайды.
Төменде берілген сілтемелер арқылы ноталарды жүктеп алуға болады.
Қазылар алқасы құрамы:
Қазылар алқасына елге танымал өнер қайраткерлері, белгілі ұстаздар шақырылады. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қаралмайды.
Марапат: Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар әр номинация бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Бас жүлде иегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Ұйымдастыру жарнасы:
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 107-2630 қаулысына сәйкес байқаудың қатысу жарнасы:
Жеке орындаушылар- 5000 теңге
Ансамбльдер (құрамдағы әр қатысушы) – 1500 теңге
Құжаттарды тапсыру:
Байқауға қатысу үшін 2025 жылдың 26 сәуір 15 мамыр аралығында Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. мектеп электронды мекен-жайына келесі құжаттарды жіберу:
15 мамырдан кейін келген өтінімдер қабылданбайды!!!
-өтінім ( үлгі бойынша 2-қосымша);
- жеке орындаушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-төлем түбіртегі.
Өтінімде көрсетілген бағдарлама өзгертілмейді; өтінімде қатысушының және жетекшінің аты-жөні дұрыс жазылуы шарт.
Төлем төмендегі реквизиттермен жүргізіледі:
Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар музыка мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Желтоқсан көшесі, 36 үй
ЖСН 990540001802
БСК HSBKKZKX
ЖСК KZ816010111000218679 – Ақылы қызметтер шоты.
АҚ «Қазақстан халық банкі»
КБе 16
КНП 859
Төлемді Халық банк мобильді қосымшасымен жасауға болады!
1.Халық банк мобильді қосымшасын жүктеу; 2. «Платежи»-«Все платежи» бөлімі; 3. «Образование»- «Школы» бөлімі; 4. «ГККП Детская музыкальная школа №1 г. Нур-Султан»; 5.Баланың аты-жөні; 6. «Дополнительное поле» деген жерде Байқау атауын жазу; 6. ИИН (баланың); 7. Сомасы; 8. Төлем жасау.