2021 жылдың 16 қыркүйек күні «Балалар қауіпсіздігі» айлығы аясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оралбаева Жанар Шерханқызының ұйымдастыруымен, санитарлық талаптарды сақтай отыра мектептегі балаларға Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы инспекторы полиция капитаны Айтбек Эльмира Айтбекқызы дәріс оқыды сонымен қатар: 13-19 қыркүйек аралығында қала аумағындағы «Жасөспірім» республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде. Іс -шараның мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуды күшейту, дәстүрлі форматтағы оқуды жаңарту, соның ішінде оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында сұхбат жүргізілді.