2022 жылдың 30 қыркүйегінде «Қазақстандағы қосымша білім беру жүйесі» тақырыбындағы тәжірибе алмасу мақсатында мектебіміз Эстон елінің делегациясын қарсы алды. Делегацияны мектеп алдында ұлт аспаптар оркестрі қарсы алып , мектеп іші оқу кабинеттеріне экскурсия жүргізіліп соңы концерт залында жалғасты. Концерте «Балауса» фольклорлық ансамблі, «Кербез қыздар» жетігеншілер ансамблі, «Тілеп Бақсы» қылқобызшылар ансамблі, «Серпер» домбырашылар ансамблі, «Тұмар» қобызшылар ансамблі жеке орындауда Кураисова Эльзара сынды оқушылар өз өнерлерімен қонақтардың ықыласына бөленді. Концерт соңында қосымша білім беру ұйымдары музыка және өнер мектептері, көркем-сурет мектеп басшылары қонақтарға арнайы сый табыстады.