2022 жылдың 17-29 қазан аралығында мектебімізде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогтері мен бейін бойынша мамандарына арналған «Ішекті-ысқылы аспаптарда ойнауға балаларды оқыту әдістемесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр. Республикалық курсқа қатысуға еліміздің әр өңірінің Балалар музыка мектептері, Балалар өнер мектептерінен және шығармашылық орталықтардан скрипка, виолончель, қобыз аспаптарының қосымша білім беру педагогтері жиналды. Курс үш топта өтуде: 25 қатысушы қазақ тілінде, 50 қатысушы орыс тілінде. Дәріскерлер – Қазақ ұлттық өнер университетінің профессорлары Байсакалов А.Б., Кармысова А.К., Бекмагамбетова М.Х., өнертану ғылымдарының докторы, профессор Жумабекова Д.Ж., скрипка кафедрасының доценті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дуйсенбаев А.С., аға оқытушысы Касенов Д.Р., музыкатану кафедрасының педагогі Мухамеджанова Ж.Т., Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің көркемдік жетекшісі Мынтаев Е.А., халықаралық конкурстардың лауреаты Лебедев А.В., «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің әдіскерлері Капанова Г.К., Бодикова Л.Ж. және №1 балалар музыка мектебінің жоғары санатты педагогтері, педагогика ғылымдарының кандидаттары Топоркова Л.К., Накаткова О.И., музыкалық теориялық пәндер оқытушысы, магистр Ибрагим Д.Т., директордың зерттеу ісі жөніндегі орынбасары Хамитова Р.С., скрипка сыныбының педагогі Сеитова З.Д. түрлі технологияларды қолдана отырып, теориялық және практикалық сабақтарын ойын түрінде, қызықты өткізуде. Қызықты және мазмұны жағынан жан-жақты дәрістерден, кездесулерден, шеберлік сыныптарынан, ашық сабақтардан курс тыңдаушылары көптеген жақсы эмоциялар, жаңа білім және баға жетпес тәжірибе алуда.