Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған
IV қалалық «Шуақ» вокалды -аспаптық фестиваль- байқау
Ереже
Байқауды ұйымдастырушылар – Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы
«№1балалар музыка мектебі» МКҚК.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың вокалды -аспаптық орындаушылыққа қызығушылығын дамыту;
2.Шығармашылық әлеуетін ашу;
3.Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы шығармашылық және мәдени байланысты нығайту және кеңейту;
4.Ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында вокалдық және аспаптық өнерді танымал ету және насихаттау;
5.Балалардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.
Байқаудың өткізу тәртібі
• Өткізілетін күні: 2025 жылдың 2 ақпан
• Вокалдық-аспаптық орындау номинациясында (үрлемелі аспаптар, фортепиано, домбыра т.б аспаптар, вокал, эстрадалық вокал, дәстүрлі ән)
• Қатысуға өтінім, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі , диагноз туралы анықтама көшірмесін, 2025 жылдың 27 қаңтарға дейін N 1 Балалар музыка мектебінің ұйымдастыру комитетіне Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды мекен-жайға тапсырылады.
Өтініште көрсетілген қатысушылардың өнер көрсету бағдарламасы мен реті өзгертілмейді.
Байқау шарты
Байқау төрт жас санатында өтеді:
* 7-9 жас
* 10-11 жас
* 12-13 жас
* 14-15 жас
Орындау бағдарламасы:
Қалауы бойынша бір шығарма орындалады.
Бағалау критерийлері:
* Интонация тазалығы, ырғақ сезіну, орындаудың мәнерлілігі.
* Сахна мәдениеті
Қазылар алқасы, марапаттау:
*Байқаудың қазылар алқасының құрамында өнер саласындағы белгілі ұстаздар мен орындаушылар.
1. Әр жас тобы бойынша фестиваль –байқауы жеңімпаздары білім басқармасының I, II, III дәрежелі «Дипломмен» және қатысқаны үшін грамоталармен марапатталады.
2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
• Өтінім келесі нысанда толтырылады:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған
«Шуақ» IV қалалық вокалды –аспаптық фестиваль-байқау
Өтінім
Мектеп №
Қатысушы аты-жөні
Туған күні,айы, жылы, толық жасы
Тобы
Орындайтын бағдарлама авторы, атауы
Хронометраж
Жетекшінің аты-жөні, телефоны, электронды мекен-жайы
Берілген нысанмен толтырылмаған өтінім қабылдайнбайды !