2025 жылғы 5 қыркүйек №1 балалар музыка мектебінде  1-2 сынып оқушыларына арнап «Қауіпсіздік мәдениеті» атты танымдық лекция ұйымдастырылды. Лекцияға Астана қаласы ПД ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция лейтенанты Ергешева Айзада Ерғалиқызы шақырылды.

        Іс-шара мақсаты – балаларға қауіпсіздік ережелерін қызықты әрі түсінікті түрде түсіндіру, күнделікті өмірде өздерін қалай дұрыс ұстау керектігін үйрету болды. Сабақ барысында мынадай маңызды тақырыптар қамтылды:

  • Жолда жүру ережелері 🚦
  • Бейтаныс адамдармен сөйлесудің қауіптері 🚫
  • Үйде және мектепте қауіпсіздік сақтау 🏫🏠

Іс-шарада қауіпсіздік жайлы суреттер көрсетіліп, сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды.

       Балалар өз ойларын бөлісіп, қауіпсіздік туралы көп жаңалық білді. Сабақ соңында оқушыларға «Жол қауіпсіздігі» бояу дәптері (стикерлер) табысталды.

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары- Ж. Оралбаева

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 88 гостей и нет пользователей