ҚАЛАЛЫҚ «КҮМБІРЛЕГЕН ДОМБЫРА ҮНІ»
БАЙҚАУЫ
2025 жылдың 13 ақпанындағы «Астана қаласы бойынша олимпиадалар мен конкурстардың (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» № 275 бұйрығына сәйкес «Адал ұрпақ» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Шабыт» жобасы аясында және №1 балалар музыка мектебінің 35 жылдығына ұйымдастырылуда.
Ұйымдастырушы:
Астана қаласы білім басқармасы,
№1 Балалар музыка мектебі.
Өткізілу мерзімі: 31- қазан 2025ж
Өтетін орны: № 1 Балалар музыка мектебі, Желтоқсан к, 36
Қатысушылар:
Астана қаласы жалпы білім бер беру ұйымдарының білім алушылары арасында.
Байқаудың мақсаты: Ұлттық құндылықтарды, өнерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу.
Байқау міндеттері:
- ұлттық мәдениетті, дәстүрді дәріптеу,
- Отаншылдық сезімге тәрбиелеу
- оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру
- қазақ мәдениеті мен өнеріне баулу
- жеке тұлғаның рухани адамгершілік эмоциялық негізін қалау
- оқушылар арасында шығармашылық орта құру
Байқаудың өткізілу шарттары мен тәртібі:
Байқау үш бағытта өткізіледі.
- домбыра аспабы;
- домбырамен ән айту
- қобыз, жетіген
- ансамбльдер (ансамбль 8 оқушыдан кем емес және12 оқушыдан аспауы шарт )
Байқауға қатысу шарттары
Жеке орындау жас ерекшеліктері:
Кіші топ: 8-10 жас
Орта топ: 11-13 жас
Жоғары топ: 14-16 жас
Ансамбль – аралас жаста (топқа бөлінбейді)
Домбыра аспабы номинациясының бағдарламалық талаптары:
- 1 төкпе күй.
Домбырамен ән айту номинациясының бағдарламалық талаптары:
-1 міндетті түрде халық композиторларының әні (Абай, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Мәди т.б) немесе терме.
-Қобыз аспабы- 1 шығарма
- Жетіген – 1 шығарма
Ансамбльдер – домбырашылар -1күй,
дәстүрлі әншілер - 1 ән қалауы бойынша .
- Байқауға қатысушылар (әр мектептен әр номинация бойынша –
1 жеке орындаушы , 1 ансамбль қатыса алады.
- Қатысу жөніндегі сұранымдар 2025 жылдың қазан айының 20 на дейін Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. мектеп электронды мекен жайы бойынша қабылданады; 20 қазаннан кейін келген өтінімдер қабылданбайды!!!
-өтінім ( үлгі бойынша 2-қосымша);
- жеке орындаушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-төлем түбіртегі.
Өтінімде көрсетілген бағдарлама өзгертілмейді; өтінімде қатысушының және жетекшінің аты-жөні дұрыс жазылуы шарт, қате болған жағдайда ұйымдастырушы жауап бермейді және түзетілмейді.
Ата-аналар назарына!
- Байқау кезінде әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім жүргізіледі және фотолар салынады.
Бағалау критерийлері:
- орындаушылық шеберлігі, үйлесімділігі
- әншілік шеберлігі
- сахналық мәдениеті
- сахналық киім
- Байқаудың қазылар алқасы құрамына өнер қайраткерлері, белгілі ұстаздар шақырылады. Қазылар алқасы шешімі түпкілікті, қайта қарауға жатпайды.
- Байқаудың жеңімпаздары білім басқармасының дипломымен марапатталады және қатысушыларға мақтау қағаздары беріледі.
Ұйымдастыру жарнасы:
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 107-2630 қаулысына сәйкес байқаудың қатысу жарнасы:
Жеке орындаушылар- 5000 теңге
Ансамбльдер (құрамдағы әр қатысушы) – 1500 теңге
Төлем төмендегі реквизиттермен жүргізіледі:
Астана қаласы әкімдігінің «№1 балалар музыка мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Желтоқсан көшесі, 36 үй
ЖСН 990540001802
БСК HSBKKZKX
ЖСК KZ816010111000218679 – Ақылы қызметтер шоты.
АҚ «Қазақстан халық банкі»
КБе 16
КНП 859
Төлемді Халық банк мобильді қосымшасымен жасауға да болады!
1.Халық банк мобильді қосымшасын жүктеу; 2. «Платежи»-«Все платежи» бөлімі; 3. «Образование»- «Школы» бөлімі; 4. «ГККП Детская музыкальная школа №1 г. Нур-Султан»; 5.Баланың аты-жөні; 6. «Дополнительное поле» деген жерде Байқау атауын жазу; 6. ИИН (баланың); 7. Сомасы; 8. Төлем жасау.
Мекен-жайымыз: Астана қ, Желтоқсан көшесі 36.Тел: 8 (7172) 31-43-86.