«Балауса» фольклорлық ансамблі
«Балауса» фольклорлық ансамблі 2004жылы құрылды , жетекшісі Сагатова Айгуль Жайлауовна. Ұжымның басты міндеті қазақ халқының дәстүрлі музыкасы, қазіргі заман композиторларының шығармаларын насихаттау.
Ансамбль құрылғаннан бастап бірден шығармашылық концерттерге қатыса бастады. Бірнеше жылдар бойы «Балауса» фольклорлық ансамблі халықаралық , республикалық байқауларда жоғары деңгейде бағаланады. Атап айтқанда: «Жас талап»; Республикалық - ХХХVI байқау «Юных музыкантов» (24-28.03.2012г.) , «Өз елім» (4- 6 01.2016г) ; халықаралық - «Art Olimpia» (11-14.06.2012г.), «Жас онер: на пути к культуре мира»(25-28 04.2014г.), «Spring in Kazakhstan» (03.05.2015г.), «Звезда востока» (9-12.02.2016г), «Я звезда» (4.03.2018г.), «Таңғы шұғыла»(23-25.03.2018г.)
Ансамбль түрлі концерттік орындарда өнер көрсетеді, мысалы, шетелдік концерттердің ең жарқын, қызықты болғаны - 2015 жылдың шілде айында Үрімшіде 5-ші Халықаралық балалар шығармашылығының фестивалі.
Ансамбльдің ең жоғары жеңісі - 2012 жылы Алматыдағы «Жас музыкант» байқауында фольклорлық ансамбль Гран-приді жеңіп алды. Шын мәнісінде, бұл байқау республиканың балалардың шығармашылық ұжымдарының күрделі байқауы болып табылады, онда жоғары кәсіби қазылар алқасы, орындаушылық өнерді бағалайды .