«Балалар мен жасөспірімдер арасында «Шаттық-2025» ашық XVІІІ қалалық шығармашылық байқауы

2025 жылдың  3-4 сәуір   күндері  Астана қаласы Білім басқармасының жалпы білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік мекемелердің оқушыларына  арналған «Шаттық-2025» байқауы туралы ережеге сәйкес «Адал азамат» (Біртұтас тәрбие) бағдарламасы бойынша «Шабыт» жобасын іске асыруда ұлттық мәдениет құндылықтарды, рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту және мәдени әлеуетінің кең перспективаларының көмегімен  және  өзін-өзі жүзеге асыруға қолдау көрсету  мақсатында қосымша білім беру ұйымдары байқау өткізді. №1балалар музыка мектебі ғимаратында аталған байқау бойынша вокал- жеке орындаушылар номинациясы бойынша өткізілді. Вокал- эстрадалық және дәстүрлі ән жанры бойынша өтті. Жалпы қатысқан саны -178 өнерпаз.

Эстрадалық вокал жанры бойынша қазылар алқасы ретінде «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» , «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», Күләш Байсеитова атындағы Қазақ ұлттық өнер униеверситетінің  «Вокалдық өнер» кафедрасының профессоры Хамзина Гүлнар Мустахимқызы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Күләш Байсеитова атындағы Қазақ ұлттық өнер униеверситетінің аға оқытушысы Борамбаева Кунимгуль Сайлауовна, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР мәдениет саласының үздігі Күләш Байсеитова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрада өнері» пәндік циклдық комиссиясының оқытушысы  Даулетбақ Майра Турлыбекқызы, Дәстүрлі ән жанры бойынша «Қазақстан  халық әртісі»,Күләш Байсеитова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Дәстүрлі  музыкалық өнер» факультетінің профессоры  Құлыш  Қапаш  Қабыкенқызы, ҚР мәдениет қайраткері, Күләш Байсеитова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің  оқытушысы, дәстүрлі әнші Шалдыбеков Ерболат Заманбекұлы, Күләш Байсеитова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің   оқытушысы, Мәдениет саласының үздігі Нүркенов Тельман Тілегенұлы шақырылды.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 36 гостей и нет пользователей