«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай өткен қалалық «Менің елім» патриоттық ән байқауы

2025 жылдың 2 мамыр күні  Білім басқармасы, №1 балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балаларды Отаншылдық сезімге тәрбиелеу, елжандылыққа баулу, рухты тұлға тәрбиелеу  мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының  білім алушылары  арасында қалалық «Менің елім» патриоттық ән байқауы өткізілді. Байқау салтанатты ашылып мектеп  педагогтарының Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-әкелерінен бейнебаян көрсетіліп соңы соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды, сонымен қатар «Дарын» тобы соғыс әндеріне попурри орындап қошеметке иеленді.

      Сайыста қазылар алқасына Қаз ҰӨУ  «Эстрада өнері» Пәндік циклдық комисиясының жоғары санатты  оқытушысы, «Эстрадалық вокал мамандығы бойынша өнер магистрі  Аскарова Мадина Аскаровна, Ермек Серкебаев атындағы «№3 балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК эстрадалық вокал сыныбының педагогі Низан Абылайхан Қанатұлы, Халықаралық, республикалық байқаулар лауреаты, №1балалар музыка мектебі эстрадалық вокал бөлімінің педагогі   Таженова Гулназ Нұртазақызы шақырылды.

    Байқауға 7-15 жас аралықтағы  кіші, орта , жоғары топ әншілер қатысты. Барлығы-35  оқушы атсалысып өздерінің патриоттық әндеріне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Байқау барысында қатысушылардың өнері көрермендердің көңілінен шықты. Әрбір әннің артында терең мағына мен елге деген сүйіспеншілік жатты. Қатысушылардың өнері ерекші ықыласқа ие болды, ал көрермендер олардың әрбір орындауынан рухани ляззат алды. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға иеленген және барлық қатсыушылар  дипломдармен марапатталды.

Байқаудың барлық қатысушыларына, ұйымдастырушыларына және көрермендеріне алғыс білдіреміз!

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 128 гостей и нет пользователей