2021 жылдың 28 маусым күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Мұражайында, Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұрпағы» халықаралық сурет және қолданбалы өнер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Аталған іс-шараға мектебіміздің өнерпаздары «Ару» би ансамблі би билеп , Бекболат Еркебұлан «Казахстан, ты Родина моя» әнін шырқап марапатталған жеңімпаздарға тамаша көңіл күй сыйлады. Жетекшілері Секербек Багдина Мейрамовна, Әжмағанбетов Әділ Октябрьұлы.