2024 жылдың 28 тамызында, мектебімізде ҚР Конституция күні қарсаңында «Ер ардағы – Ата заң» атты, жалпы Ата заң туралы мектеп оқушыларының түсініктерін кеңейту, заңның өмірмен байланысын түсіндіру мақсатында лекция - концерт өткізілді. Концертте «Ақсұңқар» дәстүрлі әншілер ансамблі жетекшісі Н.Т.Ахмедияр, «Серпер» домбырашылар ансамблі жетекшісі М.А.Сулейменова, «Ару» би ансамблі жетекшісі С.С.Гумарова, эстрада вокал сыныбы Г.Н.Таженова, Ә.Жұмағалиқызы жетекшілігтерімен Қанаят Айғаным, Қалиақпар Заңғар, Серік Бибарыс сынды өнерпаздар өнерлерін көрсетіп, қошеметке иеленді. Іс-шараны жүргізген Алтынбекова Лаура Абаевна.