Оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, үлкендерді құрметтеу мақсатында 2024 жылдың 27 қыркүйек күні «Шарапат» әлеуметтік қызмет орталығында Қарттар күні мерекесі қарсаңында мектеп ұстаздары мен оқушылары «Қарттарым аман сау жүрсін» атты мерекелік концерт ұйымдастырып өткізді.Концертте мектебіміздің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп қошеметке иеленді. Концерт жоғары деңгейде өтті, орталық қарттары баталарын беріп, ризашылықтарын білдірді.