2024 жылдың 12 желтоқсан күні мектебімізде ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «Еліміздің еркіндігі Тәуелсіздік » атты лекция еонцерт өткізілді, жалпы Ата заң туралы мектеп оқушыларының түсініктерін кеңейту, заңның өмірмен байланысын түсіндіру мақсатында лекция - концерт өткізілді.
Концертті мектебіміздің ұлағатты ұстазы"ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" Оспан Сүлейменұлы құттықтау сөзімен бастап музыкалық нөмірлер жалғастырды. Сахнада ,"Кербез қыздар"жетігеншілер ансамблі, "Көркем-ай" қобызшылар ансамблі, "Қыздар-ай" дәстүрлі әншілер, " Ару" би ансамбльдері, Қанаят Айғаным т.б өнерпаздар атсалысып қошеметке иеленді. Концерт барысында желтоқсан оқиғасының куәгері мектебіміздің ұстазы Исинтаева Жанар Мұқақызы сол кездегі жағдайды еске алып, өз тілегін білдірді. Іс- шара соңында мектеп директоры Калиева Жанар Сериковна жылы лебізін білдіріп құттықтады.