№1 балалар музыка мектебінің 35-жылдығы аясындағы «Ғасырлар пернесі» іс-шаралар циклы желісі бойынша мектептің ұлағатты ұстазы, педагогика ғылымдарының кандидаты Топоркова Людмила Корнилиевнаның білім саласында еңбегінің 55 жылдығына арналған кеш.

№1 балалар музыка мектебінің  35-жылдығы аясындағы

«Ғасырлар пернесі» іс-шаралар циклы желісі бойынша

мектептің ұлағатты ұстазы, педагогика ғылымдарының кандидаты Топоркова Людмила Корнилиевнаның білім саласында еңбегінің 

55 жылдығына арналған кеш. 

 

         2025 жылы 31 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің
«№1 Балалар музыка мектебі» ШЖҚ МКК 35 жылдығы аясында «Ғасырлар пернесі» іс-шаралар циклы желісі бойынша ұлағатты ұстаз, педагогика ғылымдарының кандидаты  Топоркова Людмила Корнилиевнаның білім саласында еңбегіне 55 жыл толуына орай  құттықтау кеші ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға Людмила Корнилиевнаның жеке мұрағатынан алынған әр жылдардағы қоғамдық қызметтегі суреттерден, кітаптардан құралған көрме жасалды. Құттықтау кешіне ұстаздың шәкірттері, мектеп педагогтері, бірге қызмет жасап жүрген  әріптестері сонымен қатар шет мемлекеттерде жүрген шәкірттері онлайн түрде қатысты.

Людмила Корнилиевна 1970  жылдан бастап № 1 балалар музыка  мектебіңде  фортепиано сыныбының өқытушысы және концертмейстер лауазымында өз  қызмет бабын  бастады, 1974 жылдан № 3 балалар музыка мектебінің өқу ісінің меңгерушісі болып тағайындалды, 1997  жылдан  № 3 БММ-нің директоры қызметің атқарды.

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу жолында «Оқушының жеке басының рухани бейнесін қалыптастырудағы музыкалық оқыту мен тәрбиенің рөлі» тақырыбында диссертация қорғап, «Руханият тағылымы» жеке бағдарламасын әзірледі, «Музыкалық оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушылардың рухани бейнесін қалыптастырудың инновациялық формалары мен әдістері», талдамалық шолуын дайындады. «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту» бағдарламасы, «Балалар музыка мектебіндегі музыкалық қонақжай» циклі бойынша педагогикалық және ғылыми-зерттеу тәжірибесін Қазақстан Республикасы мен қаланың қосымша білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне береді. Халықаралық, республикалық және қалалық басылымдарда 50-ден астам жарияланымдары бар.

Ұстаз-ардагердің құттықтау кешінде №1 балалар музыка мектебі директоры Калиева Жанар Серікқызы, №3 балалар музыка мектебінің директоры Гүлмира Жангелді, ұстаздар шет мемлекетте қызметте жүрген шәкірттері Людмила Корнилиевна жайлы өнегелі естеліктерімен бөлісіп, ардагер ұстазға жылы тілектерін арнап сыйлықтарын ұсынды.

Құттықтау кешінде №1 балалар музыка мектебінің шәкірттері музыкалық сәлеммен құттықтады.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 99 гостей и нет пользователей