№1 балалар музыка мектебінің 35 жылдығына арналған «Ғасырлар пернесі» концерттік желісінің аясындағы шығармашылық есеп беру кеші

2025 жылдың 26 сәуір  күні Жастар сарайында №1 балалар музыка мектебінің 35 жылдығына арналған  «Ғасырлар пернесі»  концерттік желісінің аясында шығармашылық есеп беру концерті өтті.

      2025 жыл мерейлі жыл, Ұлы Отан соғысына 80 жыл, Ұлттық бірлігіміздің нысаны Қазақстан Республикасының Ассамблеясына 30 жыл сонымен қатар Самғатқан сан қыранды Алтын ұямыздың 35 жылдық мерейтойына арналған концертіміз жоғары деңгейде өтті.

    Бұл кеште оқушыларымыздың таланттары мен шығармашылық қабілеттері жарқырап, көрермендерді ерекше әсермен қуантты. Концерт бағдарламасы әртүрлі музыкалық жанрларды қамтыды: ұлттық аспабымыз «Серпер» домбырашылар ансамблімен бастап, қазақ ұлт аспаптар оркестрі жалғастырып, халық әндері, классикалық шығармалармен, соғыс жылдарындағы әндер шырқалып заманауи композициялар, билер орындалды.      Оқушыларымыздың орындауындағы әрбір нота, әрбір ән жүректерді тербеп, көрермендердің қошеметіне ие болды.

      Кештің басты мақсаты - оқушыларымыздың шығармашылық қабілеттерін көрсету, сонымен қатар музыка өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру болды. Концерт барысында әрбір қатысушы өз өнерін көрсету арқылы, тыңдармандарға музыканың сиқырлы әлеміне сапар шекті.

     Біз концертке қатысқан барлық көрермендерге, ата-аналарға, ұстаздарға және қолдаушыларға алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз біздің оқушыларымызға үлкен шабыт берді.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 21 гость и нет пользователей