2025 жылдың 4 маусым күні, мектебімізде ҚР Рәміздер күніне «Көк тудың желбірегені» атты лекция-концерт өткізілді, Лекция-концерт-Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мәлімет беру; Оқушылардың ұлттық сана-сезімін, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту; Мемлекеттік рәміздер тарихының маңызын түсіндіру және өнер арқылы оқушылардың шығармашылығын шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара Мемлекеттік гимн орындалуымен басталды. Концертте жалпы Рәміздер туралы мәліметтер атйлып шағын бейне баян көрсетілді, оқушылар арасында сұрақ-жауап алып мектеп оқушыларының музыкалық нөмірлерімен жалғасты, атап айтсақ: «Атамекен» квартеті, Қабдулла Еркеназ «Желкілдек» әнімен, Ермеков Айдар «Қазақ осы», «Отан» әнімен Қанаят Айғаным, «Көк тудың желбірегені» әнімен Серік Бибарыс, фортепианода Ержан Әмина өнерлерін көрсетіп қошеметке иеленді. Іс-шараны жүргізген мектеп бітірушілер Рахметолла Али ,Оңғарбай Асылы.