2025 жылдың 1 маусым күні Сарыарқа ауданы әкімшілігінің қолдауымен, балалардың сүйікті мерекесі - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған дәстүрлі түрде «Өнерліміз бәріміз, бақыттымыз бәріміз» атты мерекелік концерт- көрме ұйымдастырылды. Қалалық алаңда елордамыздың Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілері көрме, асфальтта сурет салу жарысын ұйымдастырып сонымен қатар №1балалар музыка мектебінің жас музыканттары концерттік бағдарлама ұсынды. Аталаған іс-шарада мектебіміздің «Ару» би ансамблі, «Кербез қыздар» жетігеншілер, «Серпер» домбырашылар, «Көркем-ай» қобызшылар, «Ақ сұңқар», «Қыздар-ай» дәстүрлі әншілер ансамбльдері, баянистер, эстрада вокал бөлімінің әншілері, «Дарын» вокалдық тобы т.б. көптеген өнерпаздар өз өнерлерін паш етіп көрермендерге, балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, қошеметке иеленді. Биылғы мерекенің басты ұраны – «Өнерліміз бәріміз, бақыттымыз бәріміз». Бұл ұран аясында балаларға қуаныш пен көңілді эмоция сыйлау мақсатында сахналық қойылымдар, флешмобтар және түрлі мастер-класстар ұйымдастырылды.
Концертке-300ден астам оқушы қатысты. Мұндай шаралар балалардың бойында патриотизмді, достықты, шығармашылықты дамытуға және болашаққа сенімді қадам басуына септігін тигізеді.