Халықаралық балалар күніне арналған «Өнерліміз бәріміз, бақыттымыз бәріміз» мерекелік концерт

2025 жылдың 1  маусым күні  Сарыарқа ауданы әкімшілігінің қолдауымен, балалардың сүйікті мерекесі - Халықаралық балаларды қорғау күніне  арналған дәстүрлі түрде «Өнерліміз бәріміз, бақыттымыз бәріміз» атты  мерекелік концерт- көрме  ұйымдастырылды. Қалалық алаңда  елордамыздың Балалар көркемсурет мектебінің жас суретшілері көрме, асфальтта сурет салу жарысын ұйымдастырып сонымен қатар  №1балалар музыка мектебінің жас музыканттары концерттік бағдарлама ұсынды. Аталаған іс-шарада мектебіміздің «Ару» би ансамблі, «Кербез қыздар» жетігеншілер, «Серпер» домбырашылар,   «Көркем-ай» қобызшылар, «Ақ сұңқар», «Қыздар-ай» дәстүрлі әншілер ансамбльдері, баянистер, эстрада вокал бөлімінің әншілері, «Дарын» вокалдық тобы т.б. көптеген өнерпаздар  өз өнерлерін паш етіп көрермендерге, балаларға жақсы көңіл күй сыйлап, қошеметке иеленді. Биылғы мерекенің басты ұраны – «Өнерліміз бәріміз, бақыттымыз бәріміз». Бұл ұран аясында балаларға қуаныш пен көңілді эмоция сыйлау мақсатында сахналық қойылымдар, флешмобтар және түрлі мастер-класстар ұйымдастырылды.

    Концертке-300ден астам оқушы қатысты. Мұндай шаралар балалардың бойында патриотизмді, достықты, шығармашылықты дамытуға және болашаққа сенімді қадам басуына септігін тигізеді.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 83 гостя и нет пользователей