2018 жылдың 4 қазанында тілдер мерекесіне арналған лекция – концерт өткізілді. Концертте «Ару» би ансамблі , «Тұмар» қобызшылар дуэті, Өміртай Хакназар, Жекей Жанна, Закиржан Нұрия, Сыздыкова Сабина, Кажгалиева Елдана сынды өнерпаздар келген қонақтарды әнмен сусындатты, Тілеубекқызы Қарақат «Қымбат менің туған тілім» өлеңін мәнерлеп оқып әр тыңдаушысын жүрегіне, сезіміне әсер етіп қошеметке иеленді. Концертті қызықты да мәнді жүргізген Ахтаев Ислам мен Тұрсынхан Нұрай.
Концерт жақсы өткізілді, оқушылар, ата-аналар ризашылығын білдірді.