2018жылдың 12 желтоқсанында сағат 16.00 Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты концерт өткізілді. Аталған іс-шараға мектебіміздің лауреаттары; мұғалімдердің «Арқа сазы» ансамблі, «Балауса» фольклорлық ансамблі, «Наркескен» домбырашылар ансамблі, «Өткір» вокал триосы, «Ару» би ансамблі, «Кербез қыздар» жетігеншілер ансамблі, жеке орындауда Ахтаев Ислам , Махмутова Ақнұр, Жекей Жанна сынды өнерпаздар Тәуелсіздікке ән-күйлерін арнады.