«Ұлттық домбыра күні-2023»

2023 жылдың 1 шілде күні, 2018 жылы Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Жыл сайын аталып өтетін мерекеге мектебіміздің тоқсанға жуық домбырашылары биыл да үлестерін қосып өнерлерін көрсетті. Биылғы Домбыра күні Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алаңында өткізілді. Қала мектептерінің 500 домбырашылар қатысты. Балалар Құрманғазы «Балбырауын», халық күйі «Тепен көк» және Әбдімомын Желдібаев «Ерке сылқым» күйін бірігіп ойнап көрермендер қошеметіне бөленді.
Аталған іс-шарада Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы қатысып жылы лебізін білдірді. Осы іс-шараға қатысқан және оқушыларды дайындап шығарған педагогтар Алғыс хатпен марапатталды.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 107 гостей и нет пользователей