2023 жылдың 10 қараша күні Әл Фараби атындағы Оқушылар сарайында "Музыкалық бағытта балаларға қосымша білім беру ұйымдары басшыларының республикалық үйлестіру кеңесі" өткізілді. Аталған іс-шарада "№1балалар музыка мектебі" және "№1өнер мектебі" МКҚК біріккен ұлт аспаптар оркестрі өнер көрсетті, жетекшісі Е.Д.Мәкенов. Сонымен қатар отырыста мектебіміздің ұстазы Сулейменова Мөлдір Айдынбекққызы өз тәжірибесімен бөлісіп зор қошеметке иеленді, республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.