«Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту» қалалық практикалық семинар

20 қараша 2024 ж, Астана қаласы № 1 балалар музыка мектебінде әдістемелік орталықпен бірлесіп «Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту»  қалалық практикалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: Бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру, тәжірибе алмасу және шығармашылық әлеуетін арттыру. Семинарға 40 педагогтер қатысты №1,2 өнер мектептер, №1,2,3 музыка мектептердің педагогтері , семинардың модераторы: Тапенов Д.Т, философия докторы (PhD), ҚазҰӨУ «Домбыра кафедрасының аға оқытушысы»   және ҚазҰӨУ Уразбаева Р.Д  ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ұмай» ұлттық премияның лауреаты, ҚазҰӨУ профессоры, «Аққулар сазы» оқу-әдістемелік құралдың авторы. «Аққулар сазы» қобыз күй терапиясың авторы.  Байбек А.Қ. Өнертану кандидаты, музыкатану және композиция кафедрасының профессоры өз бағдарламаларымен таңыстырды. Семинар үш бағытта өткізілді -  хор, домбыра және музыка-теориялық пәндер бойынша. Қатысушылар семинардан алған әсерлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Қосымша білім беру шеңберінде музыкалық қабілеттерді дамыту жолдары талқыланды. Қатысушылар музыкалық қабілеттерді дамытуға арналған заманауи әдіс-тәсілдер туралы кеңейтілген білім алды. Педагогтер арасында тәжірибе алмасу жүзеге асты, тәжірибелік бөлімінде алынған әдістерді күнделікті сабақтарда қолдану жоспарланды. Семинар оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамытудың маңыздылығын көрсетіп, қосымша білім беру жағдайындағы тәжірибелік жұмыстардың тиімділігін арттыруға ықпал етті. Қатысушылар бірлесе жұмыс істеп, жаңа идеялар мен әдістерді меңгерді.

 

“№1 балалар музыка мектебі” ШЖҚ МКК © 2018-2024

Айтып біз туралы

Байланыс ақпараты

Мекен-жайы: Астана қаласы, Желтоқсан, 36

Телефон: +7 (7172) 31-43-86

E-mail: dmsh1astana@mail.ru

Сайтта кім

Сейчас на сайте 158 гостей и нет пользователей