Табиғаттың жаңарып-жасаратын, күлімдеген күн көзінің ата-анадай мейірім шуағын шашып, адамзат жүрегіне ізгілік пен қуаныш нұрын төгетін Ұлыстың ұлы күні ырыс-берекенің басы ! Осынау ұлы мейрамда 2019 жылдың 20 наурызында №1Балалар музыка мектебі алаңында кигіз үй тігіп, алтыбақан орнатып Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз -Думан» мерекелік концерт өткізілді. Келушілер ұлттық нақышта киім киіп , ұлттық тағамдардан ұсынылған меркелік дастархан жайылды. Концерте мектеп ата-аналарымен, мұғалімдер қатысты. Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!